Дәнді дақылдар 768 мың гектар, майлы дақылдар 210 мың гектар, картоп 17,7 мың гектар көлемінде егіледі. Көкөністер, бақша дақылдарының көлемі 9,17 мың гектар. Егіс жұмыстарында шаруаларға 16 мың тонна көлемінде жеңілдетілген бағамен дизель отыны берілмекші.
Облыста ауыл шаруашылық жерлерінің, егістік алқаптарының электронды картасы әзірленуде. Агросектор саласын цифрландыруға көшіруге кейбір аудандар әлі де сылбыр. Ауыл шаруашылығы құрылымдарын субсидиялауға 3,1 млрд. теңге көлемінде, тұқым шаруашылығын дамытуға 360,8 миллион теңге қаржы қарастырылып отыр. Дала жұмыстарына ауылшаруашылық техникалары дайын.
Биыл 454,1 миллион теңгеге жаңа тракторлар сатып алыныпты. Көктемгі егіс науқанына қажетті сапалы тұқым да, ылғал да жеткілікті. Ертіс ауданындағы «Нива» шаруашылығында қазір «ақылды технологиялар» жүйесіне көшетін техникалар жеткілікті. Жергілікті Павлодарская, Юбилейная, Ертіс-7, Кондитерская, Яровая секілді бидай сорттары, Павлодарская, Павлодарская-4 тары сорттары шығымдылығын өте жақсы. Мамандар биылғы көктем мол ырысқа кенелтсін деп отыр.
Фарида Бықай,
«Егемен Қазақстан»
Павлодар
Суретті түсірген Валерий Бугаев